«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 34-НҚ бұйрығы

 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 34-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Өнім беруші - білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуіріндегі №113 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырысты нормативтік қаржыландыру Әдістемесінде (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету негізгі қызметі болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.